Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанға сауда жасауға, ақша айырбастауға баратын түркімендер көбейді

KAZAKBOL.COM

Кейінгі бірнеше айда түркіменстандықтар Өзбекстанға жиі барып жүр. Түркімен азаматтары негізінен көрші республикаға сауда жасауға, банк карталарындағы ақшасын шешіп алуға сапарлайды. Бұл туралы Азаттықтың Түркімен қызметінің Лебап уәлаятындағы тілшісі хабарлады.

«Түркіменстандықтардың дені көбіне Өзбекстанның Хорезм облысына барады. Экономикалық қиыншылық дендеген уақытта азаматтар екі ел арасында сауда жасауды табыс көзіне айналдырған» дейді тілші.

Саудагерлер Түркіменстаннан Өзбекстанға негізінен мақта-мата өнімдерін, ет өнімдерін, пластик ыдыстар және электр тауарларын алып барады.

«Әрбір азамат осы тауарлардың бір түрін ғана шекарадан алып өте алады. Тауар салмағы 100 келіден аспауы керек» дейді жақында ғана Өзбекстанға барып келген бір түркімен саудагері.

Дашоғыз және Лебап уәлаяттарымен шекаралас аудандардан түркімен саудагерлері темекі, алкоголь өнімдерін алып келеді.

«Түркімен билігі азаматтарға елге 10 қорап темекі, екі литр ішімдік алып өтуге рұқсат береді. Бірақ кеден қызметінде таныс болса, 200 қорап өткізуге болады. Сол кезде табыс жақсы шығады. Өйткені Түркіменстанда бір қорап темекі 80 манат тұрады, ал Өзбекстанда оны 15-20 манатқа сатып ала аласың» дейді кәсіпкер.

Түркімен билігі 2016 жылғы наурызда темекі өнімдерінің саудасын бірден шектеді. Соған байланысты темекі қымбаттап кетті.

Түркімен азаматтары көрші республикаға банк картасындағы ақшаны шығару үшін де жиі барады.

«Төрт-бес жыл бұрын азаматтар түркімен банктерінің карталарына ақша аудара алатын. Тұрғындар ай сайын картасына 500 доллардан аударып отырған. Енді олар Өзбекстанға барып, ай сайын 250 доллар шығара алады» дейді түркімен саудагері.

2016 жылы Түркіменстанда манатты конвертациялауға шектеу қойылған соң елде екі түрлі валюта бағамы қалыптасты. Қара базардағы бағам Түркіменстан орталық банкі белгілеген бағамнан әлдеқайда қымбат. Банк бір долларды 3,5 манат деңгейінде ұстап отыр. Ал қара базарда бір долларды 20 манатқа сатып алуға болады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM