Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан қаңтарда 1,2 млрд долларға алтын экспорттады

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанның 2023 жылғы қаңтардағы сыртқы сауда айналымы 5,04 млрд доллар болып, былтырғы көрсеткіштен 1,5 млрд долларға, яғни 42%-ға артқан. Статистика агенттігінің жаңа баяндамасында осындай мәлімет бар.

Агенттің мәліметінше, экспорт 45,1%-ға — 2,08 млрд долларға, импорт — 2,96 (+39,8%) млрд долларға артқан. Сыртқы сауда дефициті 876,9 млн доллардан асқан.

Өзбекстан жаңа жылдың алғашқы айында 1,18 млрд долларға алтын сатқан. 2021 жылдың қаңтарында алтын екі еке аз сатылған ($586,6 млн). Республика экспортының жартысынан астамы алтынға негізделген.

Экспорттағы өндіріс тауарларының үлесі 22%-дан 13,1%-ға дейін қысқарған. Алтынды есептемегенде, республика экспорты қаңтарда бар болғаны 6,2%-ға —900,8 млн долларға артқан.

Өзбекстанның басты сауда әріптесі саналатын Ресейге тауар экспорттау көрсеткіші 2023 жылдың алғашқы айында 20%-ға ұлғайды. Қытайға тауар экспорттау қысқарып келеді.

Қаңтарда Германия басты сауда әріптестерінің қатарына енді. Өйткені Өзбекстан осы елден 421,7 млн долларға 6 ұшақ экспорттаған.

Өзбекстаннан Қазақстанға тауар экспорттау көрсеткіші қаңтарда 8%-ға төмендеді. Қырғызстанға тауар экспорттау да 17,1%-ға азайды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM