Өзбекстан Адам құқықтарының жалпы декларациясын қабылдағанының 75 жылдығын кеңінен атап өтеді. Тиісті жарлыққа ел президенті Шавкат Мирзияев қол қойды.
Жарлыққа сәйкес, 2023 жылдан бастап жыл сайын 1-10 желтоқсан арасында орта мектептерден жоғары оқу орындарына дейін «Адам құқықтары» декадасы және жалпы ұлттық сабақ өтеді.
Бұдан бөлек өзбек үкіметі БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесіне елдегі адам құқықтарының қорғалуы, оның ішінде азаптауға қарсы күрес бойынша ұлттық баяндамалар әзірлейтін болады.
Жарлыққа сәйкес, Өзбекстан БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша Жоғарғы комиссарына жүз мың доллар көлемінде ықтиярлы жарғы аударады.
Соңғы жылдары өзбек үкіметі заң үстемдік ететін мемлекет құруға әрекет етіп жатқанын айтып келеді. Бірақ жергілікті және халықаралық медиада Өзбекстанда адам құқықтарының бұзылуы, азаптаулар қолданылып жатқаны жиі көтеріледі.
KAZAKBOL.COM