Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ, Ұлыбритания және Австралия қорғаныс альянсын құрды

KAZAKBOL.COM

Австралия, Ұлыбриятания және АҚШ қорғаныс және қауіпсіздік қаласында жаңа үш жақты әріптестік – AUUKUS альянсы құрылғанын жариялады. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

«Бұл бастама үдеп бара жатқан қауіптен қорғануға және әрекет етуге қажетті озық мүмкіндіктерге ие болу мақсатында көтерілді», — деді АҚШ президенті Джо Байден.

Австралия, Ұлыбриятания және АҚШ Үнді-Тынық мұхиттары аумағына Қытай ықпалының өсуіне алаңдайды. Жаңа әріптестік Пекиннің аймақтардағы ықпалын тежеу үшін қажет.

AUUKUS альянсының алғашқы жобасы Австралияның ядролық қарусыз атом сүңгуір қайықтарына ие болуын көздейді. Австралия одақтастарынан кеме құрылысына қажетті технология алады, сөйтіп Франциямен арадағы 66 миллиард доллардың келісімінен бас тартады. Париж бұған наразы. «Тұспалдан жасалған соққы. Одақтастар бұлай жасамауы керек»,— деп мәлімдеді Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан France Info радиосының эфирінде.

Австралия, Ұлыбритания және АҚШ AUUKUS әріптестігі аясында кибертехнология, жасанды интеллект және квант технологиясы салаларында тығыз әріптестік орнатуды көздейді, делінген альянс құру туралы мәлімдемеде.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM