Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Кремль Өзбекстанның «Украинадағы жағдайға түсіністікпен қарайтынын» тағы мәлімдеді

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 21 наурызда Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлесті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Ресей президенті Мирзияев пен Өзбекстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады. Сонымен бірге президенттер екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына 30 толуына байланысты бір-бірін құттықтады.

«Өзбекстан-Ресей қарым-қатынасы соңғы жылдары стратегиялық әріптстік пен одақтастықтың жоғары деңгейіне шыққаны аса қуанышпен айтылды», — делінген ресми хабарламада.

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер «аймақтағы және халықаралық, соның ішінде Украина төңірегіндегі жағдайға» қатысты пікір алмасты.

Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әңгімелесу жөніндегі «бастаманы өзбек жағы көтерген». «Владимир Путин Донбастағы республикаларды қорғау мақсатындағы арнайы әскери операциялардың қалай өтіп жатқанын айтты. Өзбекстан президенті Ресей ұстанымы мен әрекетін түсінетінін мәлімдеді», — делінген Кремль таратқан хабарламада.

Еске салайық, 25 ақпанда да президенттер Украинадағы жағдайды талқылаған. Сол кезде де екі мемлекеттің басшыларының баспасөз қызметтері таратқан хабарламаларда айырмашылық болған. Кремль таратқан ақпаратта Шавкат Мирзияев «Ресей әрекетіне түсіністікпен қарайтыны» айтылды. Өзбек жағы жариялаған хабарламада бұл туралы ештеңе айтылмады.

Кейін Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов Ресейдің Украинадағы әскери әрекеттері мәселесінде «Өзбекстан салмақты, бейтарап ұстанымда қалады» деп мәлімдеді.

17 наурызда Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Сенатта сөйлеген уақытта Өзбекстанның Украинадағы әскери әрекеттерді тез арада тоқтатып, жанжалды саяси-дипломатиялық әдістермен шешу қажет деп есептейтінін мәлімдеді. «Өзбекстан Украинаның тәуелсіздігін, дербестігін және аумақ тұтастығын мойындайды. Біз Луганск және Донецк халық республикаларын мойындамадық», — деп мәлімдеді СІМ басшысы.

18 наурызда Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінде Еуроодақтың, Ұлыбританияның, Жапония мен АҚШ-тың дипмиссия жетекшілерімен кездесу ұйымдастырылды. Жүздесулерде Украинадағы жағдай талқыланды. Өзбекстан сол кезде де бұл мәселеге қатысты ұстанымы өзгермегенін мәлімдеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM