Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматы облысында дәрігерлердің салғырттығынан алты айлық сәби соқыр болып қалды

KAZAKBOL.COM

Фото: Алматы телеарнасынан кадр

Қаскелеңде өмірге үшем әкеліп, кейін бір перзентінен көз жазып қалған отбасы тағы да қайғыға душар болды. Аудан дәрігерлері егіздің сыңарына әсері күшті дәрі беріп, зағип қылған деп хабарлайды Алматы арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

7 баладан соң үшем туып, сол балаларының бірін бауырына басып үлгермеген байғұс ана енді екінші перзентінің саулығына алаңдап отыр. 6 айлық Аянаның бір көзі мүлдем көруден қалыпты. Қайғыдан қан жұтқан отбасы бұған Қаскелеңдегі дәрігерлерді кінәлап отыр. Айтуларынша, шақалақтың бір көзі жасаурап ауырған соң, анасы оны ауруханаға алып келіпті. Бір ай алған емінен  жағдайы жақсармағасын, ақ халаттылар ай-күні жетпей туған тұрымтайдай балаға әсері күшті көзге тамызатын дәрі берген. Сол дәріден соң кішкентай қыздың бір көзі көрмей, ішіне дақ түсіпті.

Фото: Алматы телеарнасынан кадр

«Дәрі берді. Одан кейін 15 күн тамызып әкеліңіз, нәтижесін көрсетесің деді. Мен 15 күн емес 10 күн тамыздым. 10 күн тамызғасын, көзінде кішкене прозрачный тұнық нүкте сияқты пайда болды. Келсем мына жаққа катаракт деді, туа біткен катаракт. Мынаның көзіне не болған деп менен сұрады», — дейді Алматы облысының тұрғыны Айгүл Ысқақова.

Бір шикілікті іші сезсе керек, аудан дәрігерлері сәбиді Алматыдағы көз аурулары ғылыми-зерттеу институтына қаратуға жолдама берген. Күдіктен гөрі, үміті басым ана Аянасын құшақтап, алматылық ақ халаттылардың да алдынан өтіпті. Бірақ ондағы мамандардың өздері әріптестеріміз салғырттық танытпаса, мұндай жағдай болмас еді деген.

«Бағыт бергеннен кейін барсам, олар катаракт емес деді. Бұның көзіне не тамыздың деді маған. Сосын мен айттым. Сөйтіп олар неге 3 айға дейін ұстады деді сені. Туылған кезде жаңағы ауруханаға жіберу керек еді деді. Ал мені бұлар жіберген жоқ. Дәріні 7 айға дейін, 7 айлық болып туылған балаларға ондай дәріні құймау керек еді деді. Ол әресі қатты антибиотик деді маған», — дейді Алматы облысының тұрғыны Айгүл Ысқақова.

Дәрігерлер сау баламызды зағип қылды деген ата-ана  енді әділдік іздеп әлек. 9 баласы бар отбасы кенжелеріне ота жасатуға қаражат таппай отыр. Ал, Қаскелеңдегі дәрігерлер өздеріне шаң жуытар емес.

«Балаларға арналған консервантсіз автоквикс, антибиотиктер жазылған және  колларгол бар. Жалғыз бұл балаға беріп отырған жоқпын мен. Осы кезге дейін балаларды емдеп келдім», — деп ақталды Қарасай аудандық орталық аурухананың көз-дәрігері Алтын Қартбаева.

Қаскелеңдегі дәрігерлерден қайран болмағасын, шарқ ұрған ата-ана іргедегі Ташкентке де барып, балаларын қаратыпты. Ондағылар сәбидің көзіне дереу ота жасамаса, көруден мүлде қалады деген.

«Ташкентке барып едік, ол жерге болмады. Енді бізге Санкт-Петербургтан мықты немесе Индияда мықты дейді. Көзі жарамайды, бірақ операциямен пластмасса көз салуға болады екен. Бірақ оның ақшасы бізге жетпейді. Оның ақшасы 5000 доллар екен, әшейін операциясының өзі», — деді Алматы облысының тұрғыны Қайрат Ысқақов.

Қайғыдан қан жұтқан отбасы, сау баланы мүгедек қылған дәрігерлер жауап беруі тиіс дейді. Әрі, Аянаның еміне қаржылай көмек көрсетуді мойындарына алуы қажет деп отыр. Ал, бұл жәйттің барлығын мұқият тыңдаған бас дәрігердің орынбасары қандай да бір жауап айта алмайтындықтарын жеткізді. Тек, арнайы комиссия құрып, тексеріс жүргізетіндіктерін жеткізді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM