Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбек режиссері елдің Кинематография агенттігін цензураға айыптады

KAZAKBOL.COM

Белгілі өзбек кинорежиссері Назим Туляхожаев Өзбекстанның Кинематография агенттігін цензураға айыптады.

Режиссердің сөзінше, мекеме шенеуніктері 4-15 мамыр күндері Лондонда өткен Азия кинофестивалінен «Жалғыз қайық» деген көркем фильмін шақыртып алған.

«Жалғыз қайық» – Өзбекстан атынан аталған фестивальға қатысып жатқан жалғыз фильм. Ол өзбек жазушысы Эркин Агзамның шығармасы негізінде түсірілген. Арал теңізі жағасында қайық жасайтын ұста жөнінде баяндалады. Қария көптеген жылдар бойы ауылдағы жұмыссыз жастарды қайық жасауға үйретіп келген, бірақ теңіз тартылғаннан кейін, оның қайықтары ешкімге керек болмай қалған.

«Мен фестивальға фильмнің түпнұсқасын жібергем. Шынымды айтсам, ол іріктеуден өтеді деп сенбедім. Фильмнің іріктеуден өткені жөнінде хат алдым. Бірақ кейін Лондондағы елшілігі мен Өзбек кинематография агенттігі фильмді шақыртып алғанын хабарлады», – дейді Туляхожаев.

Фильмнің сценарийі о баста кинематография агенттігінің бұрынғы басшылығы тарапынан көркемдік кеңестен өткен екен. Бірақ кейін басшылыққа Фирдавс Абдухаликов келгеннен кейін, фильмді көрсетуге тыйым салған.

«Агенттіктің жаңа басшылары фильмге өзгертулер енгізу керек екенін айтқан. Мен қарсылық білдіргем. Жақында халықаралық кинофестивальға жіберген едім, енді оны қайта шақыртып алыпты», – дейді режиссер.

Лондондағы кинофестиваль ұйымдастырушылары «Жалғыз қайық» фильмінің авторлық құқығы Назим Туляхожаевта жоқ болғандықтан көрсетілімнен алынғанын жеткізді. Ал Өзбекстанның кинематография агенттігі фильмді көрсетуге рұқсатын бермепті.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM