Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

БАҚ: Қазақстан президенті Түркияда демалып жатыр

KAZAKBOL.COM

Түркиялық Нurriyet Daily News вебсайты «президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті демалысын Бодрумда өткізіп жатқаны» туралы суреттер жариялады. Көп ұзамай сайт Қазақстанда ашылмай қалды.

Түркиялық Нurriyet Daily News басылымының жазуынша, «Соңғы тоғыз жыл бойы жазғы демалысын Бодрумдағы бір қонақ үйде өткізіп келе жатқан» президент «қазақ кәсіпкері Алиджан Ибрагимовтің яхтасында болған».

Шілденің 28-сінде басылым ағылшын тіліндегі вебсайтында «президент Нұрсұлтан Назарбаев» деп сипаттап, Эгей теңізінің жағажайында жүрген және суда жүзіп бара жатқан ер адамның бірнеше суретін жариялады. Аса сапалы деуге келмейтін фотолардың бірінде сырт пішіні президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ұқсайтын адам суға түсетін киіммен жағажайда тұр, оған жанындағы адамдар сүлгі ұсынып жатыр.

Тағы бір суретте жүзу бас киімін киген «президент» оңаша жағажайда бірнеше адаммен жүзіп жүр. Басылым «президенттің» суда ұзақ шомылып, бұдан соң алты сақшысының ортасында 20 минут жаңбыр астында серуендегенін жазады.

Фотогалереяда «қазақ бизнесмені Алиджан Ибрагимовтің яхтасы» деп сипатталған бір кеменің суреті де бар. Басылым «президенттің осы яхтада да демалғанын» баяндайды. Қазақстандағы ең дәулетті 50 адамның қатарына кіретін Алиджан Ибрагимов — металл өндіру және сатумен айналысатын кәсіпкер, Eurasian Resources Group және International Mineral Resources II B.V. компанияларының үлескері.

Бұдан бөлек, курорттан түсірілген тағы бірнеше сурет жарияланған. Нurriyet Daily News бірнеше күн ішінде президенттің осы маңға жақын орналасқан Грекия аралдарына баратыны, ол жақта тағы екі апта болатынын жазады.

Азаттық тілшісі «президенттің Түркиядағы демалысына байланысты» Қазақстанның президент әкімшілігіне хабарласты. Әкімшілік қызметкерлерінің бірі: «Біз президенттің тек жұмысқа шыққан кезіндегі мәселелерге қатысты жауап бере аламыз» деп президенттің іс басқармасына хабарласу керектігін айтты.

Ал президент іс басқармасының баспасөз хатшысы Елена Клевецкая Азаттық тілшісіне президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қайда демалып жатқаны туралы ақпарат жоғын айтып, ресми сауал жолдауды сұрады.

— Өкінішке қарай, бізде мұндай ақпарат жоқ. Бізге мұндай ақпараттар айтылмайды. Шын, білмеймін. Жауап бере алмаймын, — деді ол.

Eurasian Resources Group компаниясының баспасөз хатшысы Дмитрий Попазов Азаттықтың Hurriyet Daily News жариялаған «Ибрагимовтің яхтасы» туралы мәлімет жайында сұрағына бірден жауап бермей, жазбаша сауал жолдауды өтінді.

Өткен аптаның басында Ақорданың баспасөз қызметі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қысқа мерзімді демалысқа кеткені туралы хабарлаған еді. Бірақ президенттің қанша уақытқа кеткенін нақты айтпаған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM