Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Азов теңізіндегі жанжалға байланысты шұғыл жиналыс өткізеді

KAZAKBOL.COM

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі дүйсенбі, 26 қарашада Керчь бұғазындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты шұғыл жиналыс өткізеді. Бұл туралы Twitter’дe АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли мәлімдеді.

Жиналыс Украина мен Ресей тараптарының ұсыныстары негізінде өтеді. Мәскеу Азов теңізіндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты шұғыл жиын өткізуді сұраған. Киев Ресей тарапының агрессивті әрекетіне наразылық танытқан. «Агрессордың мұндай бассыздығын бірге жұмылып қана тоқтатуға болады», — деп жазды Twitter’дe Украинаның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Владимир Ельченко.

Азов теңізіндегі жағдай 25 қарашада күрт шиеленісіп кетті. Украинаның хабарлауынша, Украина Қарулы күштерінің үш кемесі Керчь бұғазында қару қолдану арқылы ұсталған. Украиналық алты теңізші жараланған. Ресей Федералдық қауіпсіздік кеңесі Украина кемелері Ресей шекарасын бұзғаны үшін Қара теңізде ұсталғанын, сол үшін қару қолданылғанын хабарлаған.

Украина Жоғарғы Радасы дүйсенбі, 26 қарашада елде әскери жағдай енгізу-енгізбеу мәселесін талқылайды. Осындай шешімді Украина Ұлттық қауіпсіздік кеңесі қабылдады.

Дүйсенбіге қараған түнде Киевте Ресей дипломатиялық нөмірі бар автокөлік жанып кетті. Көлік дипломатиялық миссия ғимаратына жақын маңда тұрған. Бұның алдында Ресейдің Киевтегі елшілігіне түтін шығаратын шашкалар лақтырған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM