Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан Ауғанстанмен көлік байланысын қалпына келтіргісі келеді

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан Ауғанстанмен көлік және теміржол байланысын қалпына келтіреді. Бұл туралы ТАСС агенттігі өзбек президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматулла Иргашевқа сілтеме жасап хабарлады.

«Әлбетте біз Ауғанстанмен көлік және теміржол байланысын қалпына келтіреміз. Қазір пандемия кезінде ауғанстандықтар азық-түлік пен дәрі-дәрмекке мұқтаж болып отыр. Қажетті заттарды біз көлік және пойыз арқылы жеткізе аламыз», — деді Иргашев.

Ол сонымен бірге кезінде Ауғанстанмен шекара коронавирус пандемиясына байланысты ғана жабылғанын айтты.

«Қазір шектеулер қашанға дейін созылатыны белгісіз. Ол Ауғанстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға ғана емес, енді билік органдарының қалпына келуіне де байланысты. Министрлік және басқа да органдар құрылу керек. Қазіргі үкіметті тәліптердің өздері уақытша деп айтып жатыр», — деді Иргашев.

Өзбекстан мен Ауғанстан арасындағы көлік байланысы 2020 жылдың наурыз айында пандемияға байланысты уақытша тоқтаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM