Өзбекстанда ауруханадағы жарылыстан Қырғызстанның 1966 жылы туған азаматы қаза тапты. Бұл туралы қырғыздың сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Әндіжан облысы Шахрихан ауданындағы «Зитерия» ауруханасында 11 ақпанда газ жарылды. Марқұмның сүйегі Қырғызстанға жеткізілді.
СІМ мәліметінше, ауруханадағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.
Бұған дейін ауруханадағы оқыс оқиғадан 56 жастағы науқас қаза тапқаны хабарланған. Сол кезде марқұмның қай елдің азаматы екені айтылмаған. Өзбекстан бас прокуратурасының мәліметінше, жарылыстан 11 адам зардап шеккен.
KAZAKBOL.COM