Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Кентауда дәмханада уланғандар 93 адамға жетті: жартысына жуығы – бала

KAZAKBOL.COM

Түркістан облысы Кентау қаласындағы “Ризық Рауаны” фастфуд тамақтану орталығындағы асқа уланғандар саны 93-ке жетті.

Олардың — 41-і бала, үшеуі жүкті әйелдер. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Кентау қалалық орталық ауруханасының дерегінше, уланғандар ауруханаға 27 маусымда түсе бастаған. Жан сақтау бөліміне жатқызылғандар бөлімшелерге шыққан. Уланғандардың үшеуі – жүкті әйел, 41-і – 14 жасқа толмаған балалар.

Уланғандардың дені құсып, дене қызуы көтерілген.

«Науқастардың бәрі дене қызуының көтерілуі, құсу сияқты белгілерге шағымданды. Олар ауруын «Ризық Рауана» дәмханасында сатып алынған азық-түлік өнімдерін пайдаланумен байланыстырады. Бүгінде дәмхананың қызметі тоқтатылып, жоспардан тыс тексеру басталды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары жұмылдырылды. Қылмыстық іс қозғалды. Қазір ауру ошағында эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр», деді денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова.

Облыстық полиция департаменті улану дерегі бойынша «Санитария қағидаларын немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бабымен (304-бап) қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Тергеу басталған.

Ақпаратқа қарағанда, “Ризық Рауаны” тамақтану орталығынан адамдар жаппай осымен үшінші рет уланып отыр. 2022 жылы тамыз айында – 8 адам, қазан айында 168 адам уланған. Бірінші дерек бойынша айыппұл салынған, екінші дерек бойынша қылмыстық іс ашылып, екі жақтың келісімімен тоқтатылған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM