Нөкісте халық толқуы кезінде 243 адам жараланған. Оның ішінде 38-і құқық қорғау органдарының өкілі. 18 адам қайтыс болды. 4 шілдеде Өзбекстанның бас прокуратурасы осындай мәліметтер келтірді.
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Ұлттық гвардия баспасөз қызметінің басшысы Даврон Жуманазаров тәртіпсіздік кезінде 516 адам ұсталғанын айтқан. Оларға қатысты қазір тергеу ісі жүріп жатыр деген.
«1-2 шілде күні әртүрлі жарақатпен 243 адам ауруханаға түскен. Олардың 149-ы алғашқы көмектен кейін үйіне қайтқан. Қазір ауруханада 94 емделуші емін жалғастырып жатыр. Олардың арасында құқық қорғау органдарының өкілдері де бар», — деді Жуманазаров.
Қазір Қарақалпақстанда төтенше жағдай енгізілген.
KAZAKBOL.COM