Uzbekistan Airways 15 маусымда LET Aircraft Industries чех концернімен LET L-410-E20 ұшақтарын сатып алу жөнінде келісімге отырды. Бұл туралы өзбек әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Шағын ұшақтар республика ішіндегі рейстерді көбейту, сонымен бірге Өзбекстанның ішкі туризмін дамыту мақсатында сатып алынады.
Әуе компаниясы Чехиядан осындай төрт ұшақ алдыруды көздеп отыр.
LET L-410-E20 ұшақтары Зарафшан, Шахрисабз және Әндіжан секілді қалаларға қатынайды.
Чех концерні шығаратын LET L-410 шағын ұшағы 19 жолаушыға арналған. Ол ұшу-қону жолағы қысқа әуежайларға да қона алады, 1500 шақырымға дейінші қашықтыққа ұшады.
KAZAKBOL.COM