Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Нұр-Сұлтанда қаржы пирамидасына ақша салған әйел өзін-өзі өртеп жіберді

KAZAKBOL.COM

11 сәуірде қаржы пирамидасынан зардап шеккен әйел Нұр-Сұлтанда ішкі істер министрлігі ғимараты жанында өзін-өзі өртеді. Өзіне қол жұмсамақ болған 32 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.

Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын «ауыр» деп бағалайды.

Осының алдында Досмаилова Instagram парақшасы арқылы Mudarabah Capital қаржы пирамидасынан зардап шеккенін, бұл іс дұрыс тергелмей жатқанын, өзінің өліміне Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдрахмановты кінәлі деп санайтынын айтып мәлімдеме жасаған. Оның айтуынша, Әбдрахманов бұл істі жабуға тырысқан.

Кейін Әбдрахманов Facebook парақшасына бұл іске қатысты 14 адамның тергеліп жатқанын, екеуіне халықаралық іздеу жарияланғанын жазған. Үш күдікті сот шешімімен ешқайда кетпеу жөнінде кепілдік беріп, босатылған. Екеуі үйқамақта отыр.

Досмаилова жергілікті вайнерлер Мейіржан Туребаев пен Мейірхан Шерниязовты Mudarabah Capital-ды жарнамалағаны үшін сотқа тартуды сұрайды.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Досмаилованың отбасы аталған қаржы пирамидасына 20 миллион теңге ақша салған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM