Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан: Коррупцияға қарсы күрес қызметінің басшысы алған сыйлықтарының тізімін жариялады

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанның Коррупцияға қарсы күрес қызметі мекеме басшысы Акмал Бурханов алған сыйлықтарының тізімін жариялады.

Өзбекстанда 13 наурызда мемлекеттік қызметкерлер қызмет сапарларында, халықаралық және жергілікті ресми іс-шарларда алатын сыйлықтарының бағасын жариялау туралы жоба бекітілген.

Онда барлық мемлекеттік органдар алған сыйлықтарының тізімін жариялауға міндеттелген.

Коррупцияға қарсы күрес қызметін 2020 жылдың шілде айынан бері басқарып келе жатқан Акмал Бурханов алған сыйлықтарының тізімін жариялады.

Оның алған сыйлықтарының жалпы құны 14,57 миллион сумға (1 250 доллар) бағаланған. Олардың ең қымбаты Египеттің Әкімшілік бақылау басқармасының басшысы берген сыйлық – қара түсті құтының үстіндегі ағашқа орнатылған металл мүсін 3,2 млн сумға бағаланған.

Сыйлықтардың тізімінде Қырғызстан, Қазақстан, Әзербайжан, Тәжікстан және Ауғанстанның мемлекеттік органдары атынан берілген сыйлықтар да көрсетілген.

Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабында алатын сыйлықтарының бағасы төрт базалық есептік көрсеткіштен (1,2 миллион сум) аз болса, ол қызметкердің өзінде қалады. Егер көп болса, мемлекетке өтеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM