Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан музейлерінен 3 мыңға жуық құнды жәдігер ұрланған

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев туризмді дамытуға арналған жиында елінде ірі мәдени жәдігерлердің ұрланғанын айтты. Бұл жөнінде мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов Telegram каналына жазды.

Өзбекстандағы 14 музейді тексеру барысында үш мыңға жуық мәдени жәдігердің ұрланғаны анықталған.

Мирзияевтің сөзінше, мәдени мұраға келтірілген шығынның жалпы көлемі — 4 трлн сум ( 355 млн АҚШ доллары).

Мемлекет басшысы бас прокуратура мен туризмді дамыту және мәдени мұра министрлігіне музейдегі барлық экспонаттарға инвентаризация жүргізіп, жыл соңына дейін оларды электронды базаға енгізуді тапсырды.

Бұдан бөлек музей қызметкерлері мен жетекшілерінің біліктілігі тексерілмек. «Талаптарға сәйкес келмейтін басшылар адал әрі жігерлі жастармен алмастырылады», — деген президент.

Шавкат Мирзияев музейлерге жауапкершілікті облыс басшыларына жүктеді. Ол облыс басшыларына бір ай ішінде еліндегі 52 музейге барып, тексеріп, барлық проблемаларды анықтауды тапсырды.

Жақында ғана Хивадағы Ичан-Кала музейінде жәдігерлер орнына жасанды заттар қойылғаны анықталған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM