USDA сарапшыларының мәліметінше, 2022-2023 жылдары Өзбекстанда бидайға сұраныс 8,5 млн тоннаға дейін жетуі мүмкін. Осылай деп АПК Информ хабарлайды.
Бұл алдыңғы маусыммен салыстырғанда бір пайызға көп әрі Орталық Азиядағы бидайды ең көп тұтынатын ел болып саналады.
Болжанған көрсеткішке сәйкес, Өзбекстан жаңа маусымда бидай қолдану жағынан 37% өскен. Қазақстан үшін болжамды көрсеткіш 6,2 млн тонна. Орталық Азия бойынша Қазақстан негізінен бидай және ұн өндіруші әрі экспорттаушы.
2022-2023 жылдары Қазақстаннан Өзбекстанға 8 млн тонна бидай экспортталуы мүмкін. Ал Өзбекстан ішкі сұранысты негізге ала отырып, 1,5 млн тонна бидай экспорттайды деп болжанған.
Сәйкесінше, егер Өзбекстан мен Ауғанстан алдыңғы маусымда өзінің бидайы 78% және 57% ішкі сұранысты ғана қамтамасыз ете алса, Қазақстан жиналған астықтың тек 48% пайызын пайдалануы мүмкін.
KAZAKBOL.COM