Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан президенті Қарақалпақстанда төтенше жағдай енгізді

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қарақалпақстан аумағында төтенше жағдай енгізді. ТЖ 3 шілдеден бастап 2 тамызға дейін күшінде болады. Бұл жөнінде президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлады.

Өзбекстан басшысы мұндай қадамның мәнін «азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтары мен еркіндіктерін қорғау және тәртіпті қалыпқа келтіру қажеттігімен» түсіндірді.

Төтенше жағдай кезінде кешкі сағат 9 бен таңғы сағат 7 аралығында коменданттық сағат та енгізіледі. Комендатура басшысы болып Өзбекстан Ұлттық гвардиясының қолбасшысы Рустам Жораев тағайындалды.

Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, ТЖ кезінде көлік қозғалысы шектеліп, азаматтардың құжаттары, заттары, көліктері тексерілмек. Қарақалпақстанға кіріп-шығу шектеледі, қоғамдық шара өткізуге тыйым салынады.

Осы апта соңында Қарақалпақстан астанасы мен аймақтың өзге қалаларында жаппай наразылық болып, тұрғындар Қарақалпақстанды «егемен» (суверенитет) статусынан және Өзбекстан құрамынан шығу құқығынан айыруға қарсы шыққан. Ақпаратқа қарағанда, наразылық дөрекі күшпен басылған. Қанша адамның жараланғаны немесе қаза болғаны белгісіз. Өзбекстан билігі ол туралы ресми ақпарат таратпады. Алайда әлеуметтік желіде Қарақалпақстанның әр жерінен тараған видеоларда жараланған немесе қанға бөккен адамдар байқалады.

Өзбекстан билігі наразылықты «Конституция реформасының дұрыс түсіндірілмегендігімен» байланыстырды. Қарақалпақстан билігі «басқару органдарын басып алу талпынысы» болғанын айтып, «сыртқы күштер» туралы мәлімдеді. 2 шілдеде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Конституцияның Қарақалпақстан мәртебесіне қатысты бөлігі өзгертпеуді ұсынды.

Қазір Қарақалпақстандағы жағдай белгісіз. Аймақта әлі де интернет байланысы нашар.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM