Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан президенті шетел автокөліктерінің кеден алымын 2 есеге түсіруді тапсырды

KAZAKBOL.COM

14 ақпанда өткенде кеңесте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев үкіметке шетелден әкелінетін автокөліктің кеден алымын 30-дан 15 пайызға дейін түсіру жөнінде жобаны үш күнде әзірлеуді тапсырды.

Президент баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Шавкат Мирзияев автокөлік жасайтын сала басшыларына автомобиль бағасын 5 пайызға арзандатып, импорт алмастыруды 100 миллион долларға жеткізуді, автомобиль өндірісін локализациялауды 48%-дан 56%-ға көтеруді міндеттеген.

Сонымен қатар 336 миллион долллар инвестициялық жобаны игеріп, Tracker және Onix автомобиль өндірісін іске қосуды, жаңа двигатель өндірісін жолға қоюды тапсырған.

Президент баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, үкіметке биыл 1 мамырға дейін автокөлік кезегін толығымен жойып, UzAuto Motors көліктеріне алдын ала төленетін қаржыны 85%-дан 50%-ға түсіру мәселесі жүктелген.

Биыл қаңтар қырғынынан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден келетін көліктердің және өзге де техника мен заттардың утилизация алымын жинайтын «Оператор РОП» компаниясының жұмысын тоқтатудыбұйырған еді.

Бұл компанияның бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаеваға қатысы бары айтылады. Бұған дейін билік утилизация алымын жинайтын «Оператор РОП» компаниясына кейінгі бес жылда 691,9 млрд теңге қаражат түскенін айтқан.

Шетелден әкелетін көліктерге кеден алымын азайту, утилизация алымын алып тастау жөнінде Қазақстанда бірнеше жылдан бері түрлі талап айтылған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM