Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан прокуратурасы журналистке билікті басып алуға тырысты деген айып тақты

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан бас прокуратурасы Қарақалпақстан журналисі Дәулетмұрат Тәжімұратовты билікті басып алу мақсатында немесе конституциялық құрылысты құлату мақсатында астыртын әрекетке барды деп айыптады.

Сот Тәжімұратовты қамауға жіберген. Бас прокуратура хабарламасында Азамат Тұрданов есімді адамның да аты аталады. Оған да осыған ұқсас айып тағылған. Конституциялық құрылысқа нұқсан келтіру ісі бойынша барлығы 14 адам ұсталған.

4 шілдеде Бас прокуратура Тәжімұратов пен жақтастарының «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып», «билікті басып алмақ болғанын» хабарлаған еді. Бұған дейін журналист Ташкент Конституцияны өзгерту жоспарынан бас тартпаса, қарақалпақ халқы бейбіт митингіге шығады деп мәлімдеген еді.

Бас прокуратура хабарламасында журналист Лолагүл Қалыхановананың әрекетінен «қоғамға қауіп төндіретін қылмыс белгілері анықталғаны» жазылған. Ол іс бойынша күдікті танылып, ұсталған.

«Медиазонаның» жазуынша, Қалыханова Қарақалпақстанды Өзбекстан құрамынан шығу құқығынан айыратын Конституция түзетулеріне ашық қарсы шыққан.

1 шілдеде Makan.uz телеграм-арнасында журналистің БҰҰ, ЕҚЫҰ, АҚШ, Ұлыбритания, Германияның Ташкенттегі елшілігіне бағыттап жазған ашық хаты жарияланған.

Онда журналист халықаралық қауымдастықтан Қарақалпақстанды Өзбекстан құрамынан шығару мәселесі бойынша референдум ұйымдастыруға көмектесуін сұраған. 8 шілдеге дейін оның қайда болғаны белгісіз болып келген.

Өзбекстан бас прокуратурасы хабарламасында ұсталғандардың денсаулықтары мен қамау жағдайына шағымы жоқ екенін айтады. Билік қамаудағы белсенділер мен журналистердің құқықтары сақталатынын, азаптауға жол берілмейтінін жазған.

Шілде айының басында Қарақалпақстан астанасы Нөкіс пен аймақтың өзге қалаларында жаппай наразылық тұтанып, тұрғындар Қарақалпақстанды егемен мәртебесінен айыратын Конституция жобасына қарсылық білдірген. Ресми мәліметке сай, 18 адам қаза болған, 516 адам ұсталған.

Қаза болғандардың 14-і – бейбіт тұрғын, төртеуі құқық қорғау орган өкілі. Сол күні Өзбекстан парламенті Конституция жобасында Қарақалпақстанның егемен мәртебесін сақтау туралы шешім қабылдады. Халықаралық ұйымдар мен бірқатар елдер Ташкентті Қарақалпақстандағы оқиғаны жан-жақты тергеуге, бейбіт наразыларға күш қолданғандарды жазаға тартуға үндеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM