Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан сауда саласында жаңа әріптестер іздеп жатыр

KAZAKBOL.COM

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін оған қарсы енгізілген санкциялардан Өзбекстан үлкен проблемаларға тап болуы мүмкін. Бұл туралы екі апта бойы Ташкентте болған Халықаралық валюта қорының баяндамасында айтылған.

Баяндамада сауда тапшылығы мен инфляцияның өсуінен Өзбекстан экономикасы жаңа қиындықтарға тап болып жатқаны атап өтілген.

Ұйым сарапшылары инфляциямен күресу, экономиканы қалпына келтіру және жаңа жұмыс орындарын құруда оң көрсеткіштерге жету оңай бола қоймайды деп есептейді.

Миссия Ресей Өзбекстанның басты сауда саласындағы әріптестерінің бірі дейді. Өзбекстан Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, қаңтар-ақпан айларында екі ел арасындағы сауда айналымы 1 млрд 252 млн долларға жеткен. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей Қытайдан кейін екінші орында тұр.

Сарапшылар бұл мәлімет соғысқа дейінгі көрсеткіш екенін, наурыз айында бұл деңгей әлдеқайда төмендегенін айтады.

Миссия өзбек үкіметіне соғыс салдарын азайту үшін арнайы шаралар қабылдап, оның ішінде жаңа сауда жолдарын іздеуді ұсынады.

Өзбекстанның Инвестиция және сыртқы сауда министрлігі соңғы кезде экспорт географиясы Австралия, Аргентина, Доминикан республикасы, Сурин сияқты алыс елдермен кеңейгенін жеткізді. Бұл арада Үндістан және Пәкістан порттары арқылы Өзбекстанға жүк тасымалдау басталды.

Ташкент халықаралық қаржы институттарының қолдауымен Ауғанстан арқылы өтетін темір жол жобасын жүзеге асыруға ниетті.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM