Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан сенаты спикерін қызметтен алуды талап еткен блогер ұсталды

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан президенті Ферғана алқабын аралап жүрген уақытта, сенат төрайымы Танзила Нарбаеваны қызметтен алуды талап етіп, энергетика дағдарысы туралы көп жазған блогер қамауға түсті.

31 қаңтарда Қашқадария облысы Яккабаг ауданындағы блогер Елмұрад Оділ жала жапты деген айыппен 15 тәулікке қамалды.

Әкімшілік іс материалдарына сәйкес, 30 қаңтарда блогер Яккабаг ауданындағы №71 емханада жарық жоқ екені туралы жазған. Емхана әкімшілігі блогер әрекетіне қарсы шығып, мекемедегі қиыншылық туралы жаздауын сұраған. Тараптар келісе алмай, емхана медбикесі блогерді сотқа берді.

Өткен аптада ғана Елмұрат Оділ елдегі энергетика дағдарысына парламент сенаты төрайымы Танзила Нарбаеваны айыптап, оны қызметтен алуды талап еткен, пикет өткізген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM