Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан СІМ Қарақалпақстанда интернет шектелгенін мойындады

KAZAKBOL.COM

Қарақалпақстанда интернет «жалған ақпарат», «азаматтарды конституцияға қайшы әрекеттерге үндеу» таралуына байланысты шектелді, деп мәлімдеді Өзбекстан сыртқы істер министрлігі. Бұл туралы Газета.уз хабарлады.

Министрліктің мәлімдеуінше, «1-2 шілдеде Нөкіс қаласында Өзбекстан аумағы тұтастығы мен бірлігін, конституциялық құрылымын бұзуға талпыныс жасалды. Арандатушылар тобы халық талқылауына ұсынылған конституциялық өзгерістерді желеу етіп, күш көрсету акцияларын, мемлекет билігі органдарының ғимараттарын күшпен басып алуды көздейтін акциялар ұйымдастырды», делінген министрлік мәліметінде.

«Популист ұрандар тастап, фейк мәліметтер таратқан топтар азаматтарды конституцияға қайшы әрекетерге баруға итермеледі. Сол себепті интернет байланыс уақытша шектелді», деп түсіндірді СІМ.

Министрлік бұқаралық ақпарат құралдары мен құқық қорғау ұйымдарын Қарақалпақстандағы жағдайға қатысты шынайы тұжыры жасауға шақырды.

Мәліметтерге қарағанда, Қарақалпақстанда бір аптадан астам уақыт интернет шектелген. Банкоматтар, терминалдар жұмыс істемеді. Мемлекеттік және басқа да қызметтер істемей қалды. Қазір олар біртіндеп қалпына келіп жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM