Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан СІМ: Луганск және Донецк республикаларын мойындамаймыз

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов сенат отырысында Украинадағы жағдай бойынша сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, Өзбекстан Украинадағы жағдайға алаңдайды және мәселенің бейбіт түрде шешілгенін қалайды. Ол Ташкент екі елмен қарым-қатынасты жалғастыра беретінін айтты.

Абдулазиз Камилов сөз арасында Украинадағы қиын жағдайды ескере отырып, Ташкент Киевке тағы гуманитарлық көмек жіберетінін айтты.

Бұған дейін Украинаның Ташкенттегі елшісі Микола Дорошенко Киевке 28 тонна гуманитарлық көмек бергені үшін Өзбекстанға алғыс білдірген.

Камилов сенат отырысы кезінде Өзбекстан Украина шығысындағы сепаратистік құрылымдарды атап айтқанда, «Луганск және Донецк халық республикаларын» мойындамайтынын мәлімдеді.

«Өзбекстан Украинаның тәуелсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын мойындайды. Луганск және Донецк халық республикаларын мойындамаймыз» деді сыртқы істер министрі.

Сыртқы саясат концепциясына сүйенген министр Өзбекстан ешқандай әскери-саяси блоктарға қатыспайды және әскерін де шетелдегі қақтығыстарға жібермейді дейді.

Оның айтуынша, Украинаға басып кіргені үшін Мәскеуге салынған санкция Өзбекстанға тікелей әсер етіп отыр. Ташкент оның кері әсерін жоюға күш салады.

24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Украинаны «денацификация және демилитаризациялау» мақсатында көрші елге басып кірген. Путин НАТО Украинаны Ресейге қарсы шепке айналдырғысы келеді деп мәлімдеген. Украина мен НАТО мұны жоққа шығарады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM