Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан Түркіменстанға «жедел жәрдем» автокөліктерін сыйлады (видео)

KAZAKBOL.COM

Түркіменстан Өзбекстанға достық көмек ретінде сұйық газ партиясын жолдады. Ташкент Ашғабатқа заман талабына сай жедел жәрдем автокөліктерін сыйлады. Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өзбекстан мен Түркіменстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай аймақ елдері бір-біріне көмек берді.

Бұған дейін хабарланғандай, Түркіменстан энергетика дағдарысына тап болған Өзбекстанға сұйық газ партиясын жолдады. Ал Өзбекстан болса көрші елге 20 Volkswagen Caddy жедел жәрдем автокөлігін сыйлады. Олар Жизақ автомобиль зауытында шығарылған.

Бұның алдында әлеуметтік желілерде Ташкент Ашғабаттан қаңтар айында газ жеткізу міндетін толық орындамағаны үшін өтемақы талап етті деген мәлімет тараған. Алайда Өзбекстан энергетика министрлігі мұндай мәліметті жоққа шығарып отыр. Министрлік дерегінше, Түркіменстан жолдаған газ отынға тапшы жандарға беріледі.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM