Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан Түркияға 170 тонна гуманитарлық көмек жіберді

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан үкіметі, кәсіпкерлер және тұрғындар Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге 170 тонна гуманитарлық көмек жинады. Оны 6 жүк ұшағымен және 7 жүк көлігімен Түркияға жеткізді.

Гуманитарлық көмекті Түркия алғанын Anadolu түрік агенттігі хабарлады.

Гуманитарлық көмектің ішінде мынадай заттар бар: 45 тонна дәрі-дәрмек, медициналық құралдар, 8 тонна азық-түлік, 90 тонна зат: киім-кешек, аяқ-киім, жылы көрпе, балалар киімі, тазалық заттары. Сонымен бірге 130 генератор, 700 электр жылу құралы жеткізілген.

Өзбекстанда Түркияға көмек көрсету әлі жалғасып жатыр.

Қазір Түркияда зардап шеккен аймақтарда өзбек аспаздары тамақ пісіріп, зардап шеккендерді күніне екі мезгіл тамақтандырып жатыр. Онда сонымен бірге Өзбекстаннан барған 100 құтқарушы мен 71 дәрігер жұмыс істеп жатыр.

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында жойқын жер сілкініп, қайтыс болғандар саны 31,6 мың адамға жетті.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM