Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Өзбекстандағы құрғақшылық: құқық қорғау органдары «су жанжалын» тоқтатты

KAZAKBOL.COM

18 шілдеде Сұрхандария облысының Ангор ауданындағы Навшахар ауылында суға байланысты тағы жанжал шықты. Азаттықтың өзбек қызметіне жіберген видеоға қарағанда, жиырмаға жуық адамның бір-бірімен жанжалдасып жатқанын көруге болады.

Куәгерлердің айтуынша, құқық қорғау органдары қызметкерлерлері келгеннен кейін жанжал тоқтаған.

– Су бөлісе алмай жергілікті тұрғындар күнде жанжалдасады. 18 шілдедегі жанжал көршілер арасында болды, – деді оқиға куәгері.

Бұл кезде Навшахар ауылында 2 шілдеде болған «су жанжалы» бойынша сот отырысы өтті.

– Егінді суғаруға су жетіспегеннен диқандар мен кластер жұмысшылары арасында жанжал шыққан, – деді Эркин Гаппаров атты жергілікті тұрғын.

Ангор аудандық ішкі істер басқармасы бұл мәліметті растап, екі адамға «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша айып тағылғанын хабарлады.

Қазір Өзбекстанның барлық өңірлерінде суға байланысты жанжал шығып жатыр.

Өлкенің су шаруашылығы министрлігінің өкілі жағдай толық бақылауда екенін, алаңдауға негіз жоқ екенін айтады.

Биыл 24 ақпанда ел президенті Шавкат Мирзияев төрағалық еткен үкімет отырысында биыл су нормадан 25% аз болатынын айтып, шенеуніктерге тиісті тапсырма берген.

Бірақ әзірге бұл шаралар су беруге лимит кіргізу және суды кесте бойынша берумен ғана шектеліп жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM