Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстандағы сот Нөкіс оқиғасына қатысқан 39 адамға үкім шығарды

KAZAKBOL.COM

Бұхара облыстық сотында Қарақалпақстандағы наразылық бойынша айыпталушыларға үкім шықты. 28 адам 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, 11-і мерзімінен бұрын шартты бостандыққа шықты.

Сот үкіміне сәйкес, Оралбай Досназаров 11 жылға, Өмірбек Курбанов 10,5 жылға, Дәуренбек Раманов 9 жылға, Рустам Досымбетов, Нуратдийин Хабипов, Замирбек Тажімұратов, Азамат Алланазаров, Асылбек Омирзаков және Шарапат Аширбековтер 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қаңтар айының соңында Нүкістегі оқиғаға қатысқандарға қатысты алғашқы сот отырысы аяқталған болатын. Онда 22 адамға қатысты сот процесі жүрген. Журналист Дәулетмұрат Тәжімұратов 16 жылға бас бостандығынан айырылған.

Биыл 31 қаңтарда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген айыппен алты жылға сотталған Полат Шамшетов 4 ақпанда Бұхарада тергеу абақтысында көз жұмды.

Қарақалпақстанда халық наразылығы Өзбекстан Конституциясының жаңа жобасында Қарақалпақстанның егемендігі мәртебесі мен оның республика құрамынан шығу құқығы жойылуына байланысты басталды.

Нөкістегі оқиғалар тәуелсіз Өзбекстан тарихында 2005 жылғы Әндіжандағы оқиғадан кейінгі ең ірі қанды қырғынға айналды.

Өзбек билігінің ресми мәліметінше, Нөкісте 1-2 шілдедегі баскөтерулер кезінде 21 адам мерт болып, 243 адам жараланды. 500 адам ұсталды.

Қарақалпақстандағы толқулардан соң ресми Ташкент ата заңға даулы өзгертулерді қайтарып алғанын мәлімдеді. Билік жаппай тәртіпсіздік туғызды деп сыртқы күштердің арандату әрекетін айыптады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM