Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстандағы Украина елшілігі Лепстің күзде жоспарланған концертіне қарсылық білдірді

KAZAKBOL.COM

Өзбекстандағы Украина елшілігі елдің мәдениет және туризм министрінің орынбасары Баходир Ахмедовтің күзде ресейлік әнші Григорий Лепстің Ташкентте жоспарланған концертіне қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді.

«Соғысты қолдайтын ресейлік әртістердің Өзбекстанда өнер көрсетуі елдің беделіне нұқсан келтіреді, қылмыстық әлемге қолдау көрсету болып саналады. Бұдан бөлек концерттерден түскен қаражат соғысты, террорзизмді қаржыландыруға жұмсалады», — делінген дипломатиялық миссия мәлімдемесінде.

Ресейлік әнші Григорий Лепс Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдайды. 3 шілдеде ол Батыс елдері Украинаға берген Leopard танкілерін қирату үшін орыс әскеріне 1 млн рубль берген. Өзбекстандағы белсенділер Лепстің концертіне тыйым салуды талап етіп жатыр.

Kun.uz сайты бұл жөнінде елдің мәдениет және туризм министрінің орынбасары Баходир Ахмедовпен сөйлескен. «Ол бәрін шектеуге болады, бірақ өнер – шекарасыз сала, Өзбекстанда өнерге шектеу жоқ» деп жауап берген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM