Өзбекстанның Қашқадария облысында браконьерлер 700-ге тарта орталықазиялық дала тасбақасын заңсыз жолмен алып өтпек болған жерінен ұсталған.
Қашқадария облысының экология және қоршаған ортаны қорғау департаментінің хабарлауынша, тасбақаны контрабандалық жолмен алып өтпек болғандардың қолында жалған құжат болған. Оларды ауыздықтағаннан кейін, тасбақаларды Бұхарадағы «Джейран» тәлімбағына жіберген.
Орталықазиялық дала тасбақасы жылдан жылға сиреп бара жатқандықтан Халықаралық Қызыл кітапқа енген.
KAZAKBOL.COM