Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

48 МЛН ТОННА ҚОҚЫСТЫ КІМ ТАЗАЛАЙДЫ?

KAZAKBOL.COM

Қоқысты кәдеге жарату мәселесі шешілмесе, алдағы 20 жылда қазақстан қоқыстың астында қалады деп, экологтар талай жылдан бері дабыл қағып келеді. Орташа есеппен   бір жылда 5 миллионға жуық тұрмыстық қалдық шығады екен! Алайда, біздің шешеуніктер тау болып үйілген қоқыстың өзіне ғарыштан қарағысы келетін сияқты. Креативті министр, «қоқыс полигондарын енді спутник арқылы бақылаймыз»  деп, айды аспанға бірақ шығарды.   Ал, одан тұрмыстық қалдық жойылып кете ме? Кім білсін?! Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қазір елімізде  үш жарым мыңнан астам полигон бар. Ең сорақысы олардың тек  17%-ы ғана экологиялық және санитарлық талаптарға сай көрінеді. Ал қалғанының қызмет көрсету мерзімі әлде қайда өтіп кеткен, дейді министр.

МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ , ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:
«2018 жылдан бастап Ғарыштық бақылау геопорталы жұмыс істейді. Осы кескіндер арқылы 2019 жылы 9 268 заңсыз орналасқан қалдық үйінділерінің 1 303 (14%) жойылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда».

Ал сентор Мұхтар Жұмағазиев қала басшыларына шүйлікті. Оның сөзінше кей облыстардың әкімдері қоқысты шығарып, қайта өңдеуге келгенде немқұрайлық танытады. Тіпті арнайы іс-шараларға келгенде көк тиын шығармайды, дейді.

МҰХТАР ЖҰМАҒАЗИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
«Қоршаған ортаны қорғауға арналған іс-шаралар бойынша Ақмола облысы мен +0001 Шымкент қаласы 1 тиын бөлген жоқ. Жамбыл, Павлодар облыстарында 5 пайыздан аспайды».

Еліміздегі 5 облыста қоқыс тастау орны әлі де  өзекті. Мәселен  Ақмола облысында 1 жарым мыңнан астам заңсыз қалдық  төгілген. Қазір бұл аймақ қоқыс тастау жөнінде көшбасында тұр. Екінші орынға  Қарағанды облысы жайғасты. Мұнда  1081 қоқыс полигоны тіркелген. Алматы облысында —  867, Солтүстік Қазақстанда — 864, ал Ақтөбеде  — 747 жерде заңсыз тұрмыстық қалдықтар  төгіліп келеді.

Қоқысты қайта өңдеу де елімізде өзекті. Осы ретте сенат спикеріне қадықтардан шығарылған жаңа өнімдер де таныстырылды.

Біз мына заттарды көлік дөңгелектерінен қайта жасап шықтық. Өздеріңіз көріп отырғандай шиналарды полигонға алып барудың мұнда  қажеті жоқ!

Ал мына карта ғарыштан түсірілген. Мұнда еліміздегі облыстардағы полигондар анық көрсетілген. Заңды, заңсыз жерлерге дейін түсіріліпті. Министр Мырзағалиев еліміздегі барлық қалдықтарды осылай бақылауды қолға алыпты.

Мынау өздеріңіз көріп тұрғанда ғарыштан түсірілген карта. Бұл Астана маңында орналасқан қоқыс орындарының мекен-жайлары көрсетілген. Мәселен мына сары түспен боялған жерге заңды ал жасылмен көрсетілген жерлерде қоқыс қалдықтарынан толықтай тазартылған. Оны өзіміз басып көре аламыз»

Алайда, оның орнын жыл сайын қайтадан 5 млн тоннаға жуық тұрмыстық қалдық қайта басады. Осы ретте министр әрбір тұрғынды үйдегі қалдықтарды сұрыптауға шақырады.

МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ , ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:
«Мен сізге шынымды айтайын министр болғанға дейін қоқысты сұрыптап жинамаппын. Өзім енді министр болғалы бастап жатырмын. Сауаттылығымды арттыруымыз қажет. Біз содан бастауымыз керек. Өзіміз үйде қоқысты сұрыптап жүрсек, айыппұл да болмайды».

Министр қоқысты сұрыптауды енді бастаса, қала тұрғындар қайтеді? Оны өздерінен сұрап білдік

«Жоқ тастамаймын!
«Қарамаймын»…

Осылайша, сенат 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын бекітсе, министрдің жоспарына сәйкес  елдегі қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 40%-ға, ал 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жетпек. Десе де әрбір тұрғынның экологияға  өз тарапынан қосатын үлесі бар. Ол үйдегі заттарды арнайы далада тұрған контейнерлерге тастау. Тек осы тазалық  мәдениеті қалыптасқан жағдайда, еліміз қоқыстан сәл болса да арылмақ.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM