Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда ұн, қант және өсімдік майы қымбаттады

KAZAKBOL.COM

Украинадағы соғыстың әсері Өзбекстанға да тиіп, елде азық-түлік қымбаттады.

Ташкент тұрғыны Абдураззак Садыков соңғы бір аптаның ішінде қалада қант 50 пайызға қымбаттағанын айтады.

«Кеше базарда қанттың бір келісі 15 мың сумнан сатылып жатқанын көрдім. Он күн бұрын 9 мың сум болып тұрған. Әдетте қант жазда тосап жасап кезде қымбаттап, кейін қайта арзандайтын. Бұдан бөлек өсімдік майы мен ұн да қымбаттап жатыр», — деді ол.

Сырдариялық кәсіпкер Ульмас Каххаровтың сөзінше, «ел арасында баға одан да қымбаттайды» деген сөздерден кейін халық жаппай азық-түлік сатып алып жатыр.

Ресей агрессиясына байланысты Украина бірқатар азық-түлік түрлерін экспорттауға шектеу қойып, бидай, жүгері, тауық еті, жұмыртқа және өсімдік майы экспортына тыйым салған.

14 наурызда Ресей үкіметі де ЕАЭО-ға мүше елдерге бірқатар азық-түлікті экспорттауға тыйым салды. Бұл шектеулер Өзбекстан экономикасына кері әсерін тигізіп отыр. Себебі Өзбекстан негізгі азық-түлікті Қазақстаннан сатып алады. Қазақстан ЕАЭО-ға мүше болғандықтан, Ресейде бұл өлкеге азық-түлік экспортталмай қалады.

Gazeta.uz сайтының мәліметінше, 2021 жылы Өзбекстан Қазақстаннан 643,3 миллион долларға дән азықтарын, 92,9 миллион долларға ұн импорттаған.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 23 наурызда экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жиналыс өткізіп, министрлер кабинетіне ішкі базардағы бағаны тұрақтандыруды тапсырған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM