Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда әкімшілікке шағымданып барған әйелді ұрып-соғып, психикалық ауруханаға жатқызған

KAZAKBOL.COM

Қашқадария облысының тұрғыны, екі баланың анасы жергілікті билік өкілдерін өзіне күш қолданды деп айыптайды.

22 қыркүйекте Дильдора Ходжакулова аудандық әкімшілікке шағым түсіріп барғанда, оны Ұлттық гвардия қызметкерлері ұрып-соғып, психиатриялық клиникаға жатқызғанын айтады.

– Мен ауыл әкімдігіне өзімнің құқығымды қорғау үшін барған едем. Бірақ төрт-бес ер адам маған қол жұмсады. Арасында ішкі істер департаментінің қызметкерлері де бар. Сосын олар мені жедел жәрдем көлігіне отырғызды да ауруханаға жөнелтті», – дейді Ходжакулова.

Оқиғадан кейін бір күн өткен соң 37 жастағы Дильдора Ходжакулованы аудандық медициналық орталыққа жіберген. Ол қазір сонда емделіп жатыр.

Медициналық орталықтың жетекшісі Сарвар Джураев Дильдора Ходжакулованың емделіп жатқанын растады. Ол әйелдің денесінде көгерген іздер бар екенін айтты. Ол медициналық сараптамадан кейін нақты нәтижесін айта аламыз деді.

Ал Ұлттық гвардия өкілдеріне әйелге қол көтергенін теріске шығарып отыр.

Дильдора Ходжакулова отбасылық жанжалдан кейін, күйеуі тұрып жатқан үйді әпкесіне сыйға тартқанын айтады. Күйеуі — Яккабаг ауданының мәслихат депутаты. Әйел екі баласымен үйсіз қалғаннан кейін, жергілікті әкімдікке үйін қайтарып беру үшін шағымданып барған екен. ​

Ондағы қызметкерлер әйел айқайға басып, өзін дөрекі ұстады дейді.

Дильдора ашу үстінде эмоцияға берілгенін мойындайды.

Ал оның бұрынғы күйеуі үйдің шын мәнінде әпкесінікі екенін айтады. Ол қажет болса, сотқа берсін деп отыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM