Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда аяғы ауыр келіншек күйеуінің соққысынан кейін өзіне қол жұмсаған

KAZAKBOL.COM

Жарты жыл бұрын Хорезм облысының Шават ауданына қарасты Каткалъа ауылына тұрмысқа шыққан 19 жастағы Мухлиса Адамбаеваның денесі 1 сәуірде күйеуінің үйіндегі сарайдан табылған.

Ауыл тұрғындары мен Мухлисаның туыстары ол қайтыс боларынан бұрын сабалғанын айтады. Сот-медициналық сараптама жүргізілгенімен, оның қорытындысы әлі туыстарының қолына тимеген.

Бұл оқиға бойынша облыстық прокуратура тергеу ісін бастаған.

Журналистер Мухлисаның күйеуі мен оның қайын енесімен кездескен. Олар марқұм өзін-өзі өлтіргенін, кінәсі жоқ екенін айтқан.

Куәгерлердің айтуынша, Мухлиса өлерінен бір күн бұрын қатты сабалған және апасына «Мені бұл жерден алып кетіңдер, әйтпесе мен өлем» деп айтқан.

Олар Мухлисаның шешесі ел арасында «қызым қайтып келді» деген сөз жүрмесін деп, сабалған қызын қайын жұртына қалдырып кетті дейді.

Өлер алдында қыз көрпесінің астына жасырып хат тастап кеткен. Онда «Мені әкем мен шешем кешірсін, мен оларды кешірдім» деп жазылған.

Жергілікті тұрғындар Мухлиса мектепте жақсы оқығанын, анасы мектепте мұғалім болғанына қарамай, қызын әрі қарай білім алуына жағдай жасамай, қызын ерте тұрмысқа бергенін айтады. Жас келіншектің аяғы ауыр болған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM