Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда билікті сынап келген депутатты қол сұғылмаушылық мәртебесінен айырды

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанда Уртачирчик ауданының мәслихат депутаты, Халықтық-демократиялық партиясының аудандық бөлімшесінің төрайымы, билікті сынап келген Феруза Бабашеваны депутаттық мәртебесінен айырды.

Депутатқа қарсы арызды бұрын прокурор болып істеген «Агробанк» басқармасының басшысы Мухитдин Киёмов жазған. Оған себеп депутат Бабашева мұғалімдердің жалақысынан бір процент комиссия ұстап қалады деп, «Агробанкті» «тонаушы» деп айыптаған.

Бабашева сессия кезінде өзінің қол сұғылмаушылық мәртебесінен айырғанын мәлімдеді. Әзірге депутаттық мандаты бар. «Енді ол [Мухитдин Киёмов] сот процесі кезінде балағаттанғанын дәлелдесе, мен айыппұл төлеймін», – деді ол.

Өзбекстандағы белгілі блогерлер, депутаттар және қоғамдық ұйым өкілдері Бабашеваны қолдап жатыр.

Бабашева депутат болып сайланғанға дейін көптеген жылдар бойы білім беру саласында істеген. Ол Телеграм-каналына және Фейсбуктағы парақшасына азаматтардың шағымдарын жариялап, олармен кездескенін тікелей эфирде көрсетіп, лауазымды қызметтегі шенеуніктерді сынап келеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM