Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда материалдық жағдайға мұқтаж азаматтар енгізілген «Темір дәптер» тізімі қысқартылды

KAZAKBOL.COM

Ташкент облысының Чиназ ауданында былтыр тізімде тұрған 2069 жағдайы төмен отбасының 1684-і «Темір дәптерден» сызылып тасталды. Бұл жөнінде аудандық әкімшілік қызметкері мәлімдеді.

Өзбекстанда «Темір дәптер» былтыр түзіліп, оған жағдайы төмен отбасылар, жалғыз қалған қариялар, тұрақты жұмысы жоқ азаматтар енгізілген.

2020 жылы тамызда Өзбекстан бойынша «Темір дәптерге» 409 000 отбасы енгізілгені ресми айтылған.

Карантин басталар алдында «Темір дәптерге» енгізіліп, енді одан шығып қалғандардың арасында екі баланың анасы, екінші топтағы мүгедек, 36 жастағы Чори Ниязов (аты өзгертілді) да бар. Әйелі де екінші топтағы мүгедек, өздерінің не себептен шығып қалғанын түсінбейді.

Отбасы «Темір дәптерге» енгеннен кейін 5-6 рет тегін азық-түлік алған. Бұдан бөлек екі баласына 500 000 сум (50 доллар) берілген.

2020 жылы пандемия алдында Шавкат Мирзияев Өзбекстанда 5 миллионнан астам адам кедей жағдайда тұратынын мәлімдеген. Бұл әрбір жетінші өзбекстандық кедей дегенді білдіреді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM