Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда президентті сайлау науқаны басталды

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясы 23 шілдеде президентті сайлау науқаны басталғанын жариялады. Бұл туралы комиссия төрағасы Зайниддин Низамхожаев мәлімдеді.

«Өзбекстан Республикасы Конституциясының 90, 117-баптарына сәйкес, 23 шілдеде республика басшысын сайлау науқанын бастау туралы шешім қабылданды», — деді Низамхожаев.

Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы президентті сайлау науқанын қазіргі басшының өкілеті аяқталардан үш ай бұрын жариялайды.

Сайлау заңдарына сәйкес, президент сайлауына түсетін кандидаттарды саяси партиялар ұсына алады. Бірақ олар президент сайлауынан алты ай бұрын республиканың әділет министрлігінде тіркелуі тиіс.

Низамхожаевтың айтуынша, Өзбекстан президенті қызметіне кандидаттарды 20 тамыз пен 9 қыркүйек аралығында ұсынуға болады.

Сайлауға Өзбекстандағы билікті қолдайтын саяси партиялар ғана парламент пен президент сайлауына түсе алады. Олар: «Миллий тикланиш», Өзбекстан халық-демократиялық партиясы, «Адолат», Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы және Экология партиясы.

Президент сайлауына кандидаттарын ұсынғысы келген екі оппозициялық партия — «Эрк» және «Хакикат ва Тараккиёт» — тіркеуден өтуге бірнеше мәрте ұсыныс жасады, бірақ оларды әділет министрлігі тіркеген жоқ.

Өзбекстанда президент сайлауы биыл 24 қазанда өтеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM