Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда студенттерге әлеуметтік желілерде президентті мақтап пост жазуды тапсырған

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанда Самарқанд пен Әндіжан мемлекеттік университеттерінің студенттеріне әлеуметтік желілерде президентті мақтаған пост жазып, сынаушыларға қарсы теріс пікірлер қалдыруды тапсырған.

Бұл туралы Азаттықтың өзбек қызметі аталған оқу орындарының студенттеріне сілтеме жасап, хабарлады.

Самарқанд мемлекеттік университеті филология факультетінде оқитын студенттердің айтуынша, оқу орнының басшылығы Facebook және Youtube’тағы президент саясатын сынаған посттарға қарсы теріс пікірлер жазуға мәжбүрлеп жатыр.

«Кураторымыз Facebook’тағы президентті сынаған пікірлерге қарсы теріс комментарийлер жазуға мәжбүрлеп жатыр. Мен бас тартып, екі күннен бері ешнәрсе жазған емеспін. Бүгін жазуға мәжбүрледі», — дейді аты-жөнін айтқысы келмеген студенттердің бірі.

Ол әлеуметтік желілерде қандай посттарға пікір қалдыру керектігін деканның орынбасары тапсырып отырғанын айтады.

«Олар бізден троллдор армиясын құрмақшы. Әркім өзінің жеке ойын білдіріп жатыр. Неге біз оларға қарсы пікір жазуымыз керек. Адамдар елде не боп жатқанын өздері де көріп жатыр. Декан орынбасары Миржалол Боботаев бас тартқан студенттер оқудан шығарылады деп қорқытып жатыр», — дейді ол.

Студенттердің бұл айтқандары бойынша аталған оқу орнынан пікір алуға мүмкін болмады.

Әндіжан мемлекеттік университетінің студенттері мен оқытушылары да осы жағдайды айтып отыр. Бірақ оқу орнының рухани-ағарту істері бойынша проректоры мұның бәрін теріске шығарды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM