Өзбекстанда жеке тұлғаларға қарызды шетел валютасымен төлеуге рұқсат етті. Тиісті қаулыға ел президенті Шавкат Мирзияев қол қойды.
«Нотариалдық куәлік ету негізінде жеке тұлғалар қарызды, несиені шетел валютасы арқылы өтей алады», — делінген құжатта.
Президенттің 2017 жылы шығарған «Валюта саясатын либерализациялау шаралары жөніндегі» жарлығына сәйкес, Өзбекстанда жеке және заңды тұлғаларға коммерциялық банктерден шектеусіз шетел валютасын алуға рұқсат берілген.
Осы жарлық негізінде жеке және заңды тұлғалар шетел валютасын шексіз сатып ала алады және сата алады.
KAZAKBOL.COM