2020 жылы Өзбекстан 3500 тонна уран өндірген, деп хабарлады Дүниежүзілік ядро қауымдастығы (WNA).
WNA мәліметі бойынша, табиғи уран өндірісі бойынша әлем рейтингінде Өзбекстан бесінші орынын сақтап қалды.
Қауымдастық есебінде Өзбекстан 2011 жылы 2500 тонна уран өндіргені айтылған. 2012 жылдан бастап елде уран өндірісі төмендеген. Мәселен, 2012-2015 жылдары 2400 тонна уран өндірілген. Алайда 2016 жылдан бастап Өзбекстанда уран өндірісі 1000 тоннаға артып, 2019 жылы 3500 тоннаға жетті.
Өзбекстанда уран байытылмайды. Республика 1996 жылы уранды шетел компанияларға сата бастады. Өзбекстанда 132 мың тонна уран қоры бар (әлемде 11-орында).
WNA рейтингінде Қазақстан бірінші орын алды: былтыр елде 19,48 мың тонна уран өндірілді.
KAZAKBOL.COM