Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанның жаңа конституциясы Қарақалпақстанды егемендігінен және бөліну құқығынан айыруы мүмкін

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанның жаңа конституциясы бойынша, Қарақалпақстан егемендік статусынан және Өзбекстаннан бөлініп шығу құқығынан айырылуы мүмкін. Бұл жөнінде «Медиазона» хабарлады.

Өзбекстанның жаңа конституиясының жобасы баспасөзде жарияланған. Конституцияның 70, 71, 72, 74 және 75 баптарында Қарақалпақстанның жаңа статусы көрсетілген.

Өзбекстанның қазіргі конституциясы бойынша Қарақалпақстан «егеменді республика» болып саналады, Қарақалпақстан бүкілхалықтық референдум негізінде Өзбекстан құрамынан бөлініп шыға алады» деп көрсетілген. Жаңа өзгерістерден бұл нормалар алынып қалған.

Конституцияға енетін өзгерістер жөніндегі комиссияға сілтеме жасаған «Газета.uz» басылымы «жаңа өзгерістері Қарақалпақстан Жокарғы Кеңесі жасап, бірауыздан мақұлдаған» деп жазады. Конституцияға реформа жасау туралы пікірлерді жинақтағанда «автономиялы республика халқы атынан «Қарақалпақстанды Өзбекстанның ажырамас бөлшегі деп тану туралы көптеген ұсыныстар түскен».

«Конституциялық комиссия өзгерістер қарақалпақ және өзбек халықтарының бірлігін нығайту және бір ел – ортақ тағдыр идеясын жүзеге асыруға бағытталды деп түсіндірген» деп жазады «Медиазона».

1993 жылы 9 сәуірде күшіне енген Қарақалпақстан конституциясында «Қарақалпақстанның егемендігі және Өзбекстан құрамындағы орны туралы» Өзбекстан конституиясының ережелерін толық қайталайды. Қарақалпақстан халқының бүкілхалықтық референдумы негізінде Өзбекстаннан шыға алатыны да жазылған.

Биыл 25 маусымда Өзбекстан конституциясына енгізілетін өзгерістер қоғам талқылауына шығарылған. Өзбекстан конституциясының 66 бабына барлығы 170 түзету енгізуді көздеп отыр. Жаңа өзгерістер бойынша президент өкілеті күшейіп, президент қызметі бес жылдан жеті жылға дейін ұзарады. Жаңа конституция қабылданса, Өзбекстанның қазіргі президенті Шавкат Мирзияевтың бұған дейінгі президенттік мерзімдері есептен шығарылып, қайтадан сайлауға түсу құқығын алады деген болжам бар.

Қарақалпақстан автономиялы республикасы 1925-1929 жылдар арылығында автономиялы облыс ретінде ҚазақССР автономиялы республикасының құрамында болған. 1930 жылдың 20 шілдесінде Қазақстан құрамынан шығып, РСФСР-ге тікелей бағынды. 1936 жылғы 5 желтоқсанда автономия Өзбек ССР-нің құрамына берілген.

Қарақалпақстан 1990 жылы 14 желтоқсанда мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылдаған. 1993 жылы Ташкент «Қарақалпақстан Өзбекстан құрамынан шығу мәселесін 20 жылдан соң референдум арқылы шешеді» деген шартпен Қарақалпақстанды ресми түрде қосып алған. Алайда бұл мәселе 20 жылдан кейін де көтерілмеген. Сарапшылар мұның жабық тақырып екенін, оны көтерген қарақалпақ белсенділерінің қудаланатынын айтады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM