Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

100 мыңнан астам адам Грозныйдағы ағайынды гейлерді құтқаруға АҚШ-тан көмек сұрады

KAZAKBOL.COM

Нижний Новгород қаласынан ұрланып, Грозныйға әкетілген чешеннің екі гейін қорғау жөніндегі петицияға 100 мыңнан астам адам қол қойған. Бұл жайтқа Кавказ.Реалии. редакциясы назар аударған.

Әлемнің түрлі елдерінен қол қойғандар АҚШ билігін Грозный СИЗО-сында қамауда отырған 20 жасар Салех Магамедов пен Исмаил Исаевты бостандыққа шығару үшін дипломатияның барлық мүмкіндігін қолдануды сұраған.

Ағайынды Салех Магамадов пен Исмаил Исаевтің бірі — гей, екіншісі трансгендер кезеңін аяқтауға жақындаған. Оларды Нижний Новгородта тығылып отырған жерінен 2020 жылы ақпанда Чешенстанға ұрлап әкетіп, қинау, қорлау арқылы кешірім сұрауға мәжбүрлеген.

Чешенстан билігі ағайындыларды заңсыз қарулы топ жасақтауға қатысқан деп айыптайды. Олар адвокат жоқта «бұл айыбын» мойындаған.

«Мемориал» құқық қорғау орталығы ағайынды екеуді саяси тұтқын санатына қосып, абақтыда зорлық-зомбылық көріп жатқанын атап өткен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM