Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қызының жетістігіне қуанған ананың әрекеті елді күлкіге қарық қылды (видео)

KAZAKBOL.COM

Элизабет Тұрсынбаева. Фото: Reuters

Хельсинкиде өтіп жатқан әлем чемпионатында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның намысын қорғаған Элизабет Тұрсынбаева сегізінші орынды иеленген болатын. Аталмыш жарысқа қызына қолдау көрсетуге барған анасының әрекеті желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды деп хабарлайды NUR.KZ.

29 наурыз күні өткен қысқа бағдарламада 65.48 ұпай жинаған Элизабет еркін бағдарламада да өз жаттығуларын сәтті орындап, 126.51 ұпайға ие болды. Бұл — отандасымыздың еркін бағдарламадағы ең үздік көрсеткіші деп жазады Vesti.kz.

Қос бағдарлама бойынша 191,99 ұпаймен 8-ші орын алған қазақстандық спортшы қыздар арасындағы жекелей сын бойынша алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алып отыр. Бұған дейін еліміздің атынан төртжылдықтың басты додасына бірде-бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы ару қатыспаған.

Осы орайда, кешелі бері әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударған адам — 17 жастағы Элизабеттің анасы болды. Ол қызының жетістігіне қатты қуанғаны соншалық, барша жұрт алдында өз эмоциясын жасыра алмаған.

 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM