Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

19 жылдан бері дауға айналған шекарадағы Бағыс ауылы Түркістан облысының аумағына енді


Қазақстан үкіметі 2003 жылы ратификацияланса да ел картасына енгізілмей келген қазақ-өзбек шекарасындағы Бағыс ауылын Түркістан облысы аумағына енгізді. Премьер-министр Асқар Мамин қол қойған қаулы 25 мамырда премьердің ресми сайтында жарияланды.

Қаулыда Бағыс және Хиебон елдімекендерінің жалпы алаңы 795,62 гектар жері Түркістан облысына қосып, шекарасы өзгертілсін делінген. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енетіні айтылған.

Елді мекен картаға енбей қалғандықтан құжаттарын жылдар бойы түгендей алмай жүрген ауыл тұрғындары бұл жаңалықтан хабарсыз болып шықты. 25 мамырда Азаттық тілшісі хабарласқан кезде кейбірі бұған сенімсіздік те танытты.

Сарыағаш ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұржан Көкеевтің айтуынша, үкімет қаулысы негізінде енді Түркістан облысы әкімдігі қаулы шығарады. Жерді Сарыағаш ауданы аумағына енгізу жайы шешіледі. Қазір Бағыс ауылынан құжаты жоқ – 67, Хиебон ауылынан құжаты жоқ 23 адамның үйді тіркеу жайлы өтініші қабылданды. Олардың құжатын рәсімдеу басталды.

Бағыс ауылындағы жер дауы 2001 жылдан бері шешілмей келген еді. Сол жылы ауыл халқы қай елге жататынын білмей, соңында «тәуелсіз республика құру» туралы мәлімдеген. Көп ұзамай Қазақстан мен Өзбекстан келісімге келіп, ауыл тұтас Қазақстанға өткенімен, тұрғындар осы күнге дейін үйі мен жерін тіркей алмай бірнеше рет наразы болған.

Жергілікті әкімдік ауылдың Қазақстанға кірмеуін жердің ратификацияланбауынан деп түсіндірген. Бірақ сыртқы істер министрлігі Азаттыққа даулы жердің 2001 жылы ратификацияланғанын айтқан.

2021 жылдың наурызда ауыл тұрғындары кезекті наразылығын білдіріп, Нұр-Сұлтанға арызданған. 16 наурыз күні Бағысқа үкіметтен арнайы делегация келген.

Делегация сапарынан екі апта өткенде Сарыағаш ауданы әкімдігі мен мәслихаты бірлескен қаулы шығарып, Түркістан облысы әкімдігі мен мәслихатына Бағыс ауылын Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округіне, Хиебон ауылын Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округіне қосу туралы ұсыныс білдірген. Облыс әкімдігі дәл осындай бірлескен қаулы қабылдап, үкіметке жолдаған еді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM