Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

2020 – ВОЛОНТЕРЛЕР ЖЫЛЫ

KAZAKBOL.COM

Енді шенеуніктер көшеде қоқыс теріп, жоғалған адамды іздеуге көмектеседі. «Волонтерлар жылын» ресми түрде ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді. Еріктілер жұмысы енді еңбек өтілі ретінде есептеледі және құжатқа жазылады. Волонтер болып ерекше көзге түскен студенттердің шәкіртақысы көтерілетін болады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Волонтерлер жылының ашылуы қызыққа толы. Міне, өздеріңіз байқап тұрғандай дайындық қызу жүріп жатыр. Бір айта кетерлігі, еріктілер жылында республикалық фронт-офис ашылуда. Оның мақсаты — елде тарыдай шашылған волонтерлердің басын қосу»

Қызыл, сары, көк жейде киіп жүрген бұл азаматтар республиканың түкпір-түкпірінен жиналған. Еліміздегі 50 мың белсендінің, 200 волонтерлік ұйымның атынан жиынға қатысып жатқандар мәз-мәйрам. Енді ше, тұтас бір жыл волонтерлікке арналды.

«Биыл «Волонтерлер жылынан» не күтесіз? Үлкен өзгерістер, жаңа жаңалықтар. Еріктілер жылында үлкен даму болады деп ойлаймын».

«Ерікті деген тек жас емес. Студент емес. Үлкен кісі де болуы мүмкін. Керісінше, кәсібі бар азаматтар осы қозғалысқа бірігіп, қоғамға пайда тигізсе деп ойлаймыз».

«Мен басқаларға көмек көрсеткенді жақсы көремін. Балаларға өте жақынмын. Балалар үйіне барып тұрамын. Соларға жақын болу мақсатында осы волотернікті таңдадым».

Арыста жарылыс болғанда алғашқылардың бірі болып төбе көрсетіп, көмекке ұмтылған медицина волонтерлері. Абыйлай хан Әбдірәш «еңбегімізді бұлдамаймыз. Десе де жастар саясаты басқармалары көмек көрсетіп, материалдық тұрғыда қолдаса жақсы болары еді» дейді.

АБЫЛАЙ ХАН ӘБДІРӘШ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕРІ» БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Біз қант диабетіне қарсы акция өткізетін болсақ, глюкометр, танометр адамдар арасында давление өлшейтін болсақ бізде ондай нәрселер жоқ. Әркімнен сұрап, немесе өз қалтамыздан ақша шығарып солай жинап жатырмыз. Мемлекет тарапынан қолдаулар күтіп жатырмыз».

Жиында айтылған дерекке сүйенсек, қазақстандықтардың тек 6 пайызы ғана волонтерлікпен белсенді түрде айналысады екен. Осы бастаманың басы қасында жүрген азаматтар қоғамның кей өкілдерінің еріктілерге деген көзқарасы қынжылтатынын жасырмады.

ВЕРА КИМ, ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕР ЖЕЛІСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
«Волонтерлерге тегін жұмыс күші ретінде қарауы көңілге қаяу түсіреді. Сондықтан еріктілерді шақыратын органдар оларға жауапкершілікпен қараса деген өтініш бар. Әрине, көмегіміз тегін. Бірақ, сол шараларды жасау барысында барлық жағдайлар жасалуы тиіс».

Біздің елде волонтерлерге тегін жұмыс күші ретінде қарайтындардың дені мемлекеттік органдар екен. Яғни, волонтерлерді емес, керісінше, олардың көмегін дұрыс бағыттау үшін жоғарыда аталған мекеме қызметкерлерін оқыту маңызды дейді қатысушылар.

АЙНҰР АБСЕМЕТОВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВОЛОНТЕР:
«Волонтерлермен жұмыс істейтіндерді оқыту керек. Мемлекеттік қызмет, денсаулық сақтау ұйымы, төтенше жағдайлар қызметі алайық. Еріктілер белгілі бір жағдайда қалай көмектесейік деп сұраса не істерлерін білмей қалады. Яғни, осы және өзге де органдарға бағыт бағдар беру қажет. Ал біз волонтерлерге ту беріп тізіп қоясыз».

Әр өңірден тікелей қосылымға шыққан белсенділер мен бірқатар баяндамашыларды тыңдаған Президент, көпшілік үшін қуанышты хабарды жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілерге жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтып, бірқатар жеңілдіктер болады деді. Мұндай сүйінші жаңалықты естіген қауым, қошеметін аямады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
«Енді волонтерлық жұмыс еңбек өтілі болып саналады. + Сондай-ақ, волонтер студенттерге қосымша стипендия беріледі немесе пән кредиттерін жабуға рұқсат беріледі. Осы салада жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарға да қаржылай көмек беріледі. Осыған орай, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 400-ден астам шағын грант бөлінеді. Әр гранттың құны 300 мың теңге көлемінде болмақ».

Волонтерлер жылы кезекті науқан иә болмаса берері аз жиын-тойға айналмауы шарт. Ерікті болу — белгілі бір тұрғыда қазақстандықтардың өмір салтына айналуы қажет.

Тарихқа көз тіксек, волонтерлік деген қазаққа жат дүние емес. Жалпақ тілге салсаң — қамқорлық, қол ұшын созу. Қиын-қыстау заманда бірқатар елден босып келген көптеген ұлттарды жергілікті жұрт бауырына басып, барын бөліп берген еді. Міне, осындай қайнар бұлағы бар игі істің жаңа ғасырдағы бір жалғасы — Еріктілер қозғалысы болайын деп тұр. Аты басқа демесең, түп-тамыры, заты — бір.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM