Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

2020 жылы Алматы тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек жайлы

KAZAKBOL.COM

2020 жылы медициналық оңалту және пациент денсаулығын қалпына келтіру қызметін көрсететін клиникалар саны 62-ге жетті. Оның 25-і – жеке меншік. Өткен жылы аталған қызмет түрін көрсететін жеткізушілер саны төртеу ғана болатын. Мұны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің басты артықшылықтарының бірі деуге болады. Бұл туралы бүгін арнайы брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді.

Айтуынша, Медициналық сақтандыру қоры 2020 жылы кепілдендірілген тегін көмек және әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу процедурасын аяқтады.

«2020 жылдың бюджеті Қорға 2017 жылдың шілдесінен бері жинақталған қаржыға қарай, сондай-ақ, болашақта түсетін жарналар мен аударымдарға қатысты болжамдар негізінде жасалды. Нәтижесінде, Алматы қаласы бойынша 170,0 млрд теңгенің қызметін сатып алу жоспары бекітілді. Оның 104,0 млрд теңгесі – тегін медициналық көмек пакетіне, 65,9 млрд теңгесі – медициналық сақтандыру пакетіне тиесілі. Қаражат 2019 жылмен салыстырғанда 42% артып отыр», — деді Н. Қабдықапаров.

Сонымен қатар, Алматы халқына медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау нысандарының базасында 271 емдеу ұйымы тіркелген. Оның ішінде, сақтандыру пакеті шеңберінде 147 медицина ұйымымен 218 келісімшарт бекітілген. Сақтандыру пакетіне тиесілі келісімшарттың жалпы сомасы 64,8 млрд теңгені құрап отыр.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, 2020 жылдың 31-наурызына дейін қазақстандықтардың бәрі шартты түрде сақтандырылған болып саналады.

«Қазір еліміздің барлық азаматтары МӘМС пакетіндегі қызметтерді сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамастан пайдалана алады. Бұл тұрғындардың жаңа жүйенің барлық артықшылықтарын сезініп, көріп-білуі үшін жасалып отыр. Ал, сәуірдің бірінен бастап медициналық қызметті толық пайдаланғысы келетін

пациент міндетті түрде сақтандырылған болуы шарт. Тұрғындар статусын телеграм-боттың, e-gov порталының, сондай-ақ, Қор мен Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайттарының көмегімен анықтай алады», — деді Т. Әбілдаев.

Айтуынша, бүгінгі таңда оңтүстік астанадағы барлық медицина ұйымдары халыққа сапалы қызмет көрсетуге қажетті инфрақұрылымдармен толық жабдықталған.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM