Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

2023 жылдың басында Ресейде мұнай өндіру 20% төмендейді

KAZAKBOL.COM

2022 жылдың желтоқсан айында орыс мұнайын Еуропаға тасымалдауға тыйым салу санкциясы күшіне енгеннен кейін, Ресей мұнай өндіруді 20% қысқартады. Қазір Ресей күніне 3% мұнайды аз өндіріп жатыр.

Осылай деп Халықаралық энергетика агенттігіне (ХЭА) сілтеме жасап, Bloomberg және The Guardian басылымдары хабарлайды.

ХЭА мәліметінше, Ресей шілде айында тәулігіне 10,8 млн баррель мұнай өндірген. Бұл Украинаға басып кіргенге дейінгі кезеңмен салыстырғанда 0,31 миллион баррельге аз.

Ресей мұнайы мен газ экспортына санкция салынғаннан кейін, Еуропа, АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореяға мұнай тасымалдау тәулігіне 2,2 млн баррельге дейін қысқарған.

Бірақ орыс мұнайы мен газын Үндістан, Қытай, Түркия және басқа елдерге тасымалдау Ресейдің ішкі мәселесін біраз жеңілдеткен.

Еуроодақ 2022 жылдың 5 желтоқсанынан бастап орыс мұнайы импортын барынша қысқартпақ. Одан кейін екі айдан соң орыс мұнайын алуды толық тоқтатады.

«Ресей күніне 2,3 млн баррель өндіретін мұнай өнімдеріне жаңа үй табуына тура келеді», — деп атап өткен ХЭА.

Еуроодақ Ресейге Украина аумағына басып кіргеннен кейін, алты айдың ішінде жеті пакет санкция салды. Бірақ олардың бірінде газға эмбарго салынбаған. Бірақ Ресейдің өзі бірқатар Еуроодақ елдеріне газ жіберуді тоқтатты. Енді кейбір мемлекеттердің өзі бас тартты.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM