Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

30 МЛРД ТЕҢГЕ: ЖИЫН-ТОЙ ҚЫСҚАРТЫЛСЫН

KAZAKBOL.COM

30 миллиард теңге! Осыншама қомақты қаржы биыл имидждік шараларға жұмсалмақ болыпты. Түсіндіре айтсақ, шенеуніктер миллиардтар көмегімен Қазақстанды шетелде кеңінен танытпақ болған. Біздің еліміз биыл Дубайда өтетін ЭКСПОға да қатыспақ. Халықаралық көрмеге де еліміз қыруар қаржы дайындап отыр. Бірақ, биліктегілердің ой-жоспарына бір-ақ «ұсыныс» кедергі болуы мүмкін. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Өзге елдегілер Қазақстанды жақынырақ тануға қатты ниетті сияқты. Олай болмаса, ел имиджіне қазынадан 30 миллиард теңге бөлінбес еді. Бірақ, мемлекеттік қызметшілер «қарастырған» қомақты сома Президенттің ұсынысына кереғар келеді. Мемлекет басшысы өткен аптада «қымбат көлік пен жиһазға, пайдасыз шараға қаржы жұмсауға тыйым салу» туралы мораторий жариялаған еді. ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ: «Былтырғы жылы жиырмасыншы жылдың бюджетін қараған кезде 1 трилион теңгеге оңтайландыру жүргіздік. Соның ішінде имидждік шығыстар 30 миллиард теңгеден астам. Енді бұл жұмысты Президенттің тапсырмасы бойынша қосымша жұмыс жасуымыз керек. Биылғы және келесі жылғы бюджетті де.» Осы жылы Дубайда ЭКСПО халықаралық көрмесі өтеді. Шараға еліміз де қатыспақ. Ашық ақпарат көздері үш мың шаршы метрден асатын Қазақстан павильоны ең ірі алаңдардың қатарында, дейді. Сәйкесінші, шығын көп. Отандық шенеуніктер көрмеге 9 миллиард теңге керек депті. Бірақ, олардың өкінішіне қарай, мораторийден кейін бұл сома да қысқармақ. Жалпы, бұл бастаманың елге жақсы жағы бар екенін комиссия алдында Сауда министрлігі қорғауы тиіс.

РУСЛАН ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ: «Осы мен өзге мәселелерді біз комиссияда қарастырамыз. Онда бұл бізге не берерін, пайдасы қандай, елге инвестиция тартуға болады деген сұрақтар қоямыз. Комиссия бұл шығындар артық деп таныса, керекті шешімін шығарады. Біз ендің қандай форумға ақша салу-салмауын толық қарайтын боламыз». Осы жерде Тәуелсіз Қазақстан тарихында өткен ең қымбат бес шараны еске алсақ. Тізім басында 2017 жылы өткен ЭКСПО көрмесі. Біз сол кезде 565 миллиард теңге жұмсаппыз. Ал, осыдан тоғыз жыл бұрынғы қысқы Азиада ойындарына — 233 миллиардты құйыппыз. Үш жыл бұрынғы Алматыдағы универсиадаға 17 миллиард, ОБСЕ немесе Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы саммитіне 1 миллиард, 630 миллион, 2014-те өткен УЕФА конгресіне 273 миллионды аямаппыз. Соңғы үш шараны да төл теңгемізбен санадық. ТОП 5 ҚЫМБАТ ШАРА: ЭКСПО КӨРМЕСІ 565 млрд теңге, АЗИАДА 233 млрд теңге, УНИВЕРСИАДА 17 млрд теңге , ЕҚЫҰ САММИТІ 1 млрд 630 млн, УЕФА КОНГРЕСІ 273 млн теңге Қош, бұл өткеннің ісі. Бүгінге қайта оралайық. Қасым-Жомарт Тоқаевтың мораторийынан кейін ведомство мен аймақ басшыларына артық шығынға әкелетін шараларды жою тапсырылды.

АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ «Осыған орай министрлер мен әкімдерге, ұлттық компаниялардың басшыларына бір апта мерзімде Қаржы министрлігіне ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Қаржы министрлігі екі аптадан кейін

тиімсіз бюджет шығындарын қысқарту бойынша әзірленген тәсілдер бойынша үкімет отрысына баяндасын.» Естеріңізге салсақ, 24-ші қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы артық шығыннан бас тартуды ұсынған еді. Ол елдегі түрлі мемлекеттік органдағылар отандық көліктерден гөрі, неміс автоиндустриясына қызығатынын, қымбат жиһаздарға әуес екенін, мән-мағынасы жоқ шараларға ақша жұмсауға әуес деп сынаған еді. Осының алдын алу үшін Қасым-Жомарт Тоқаев мораторий жариялады.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM