Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

334 МИЛЛИОННЫҢ АТТРАКЦИОНЫ СҮРІЛЕДІ

KAZAKBOL.COM

Желге ұшқан миллиондар! 334 млн теңгеге салынған Рудныйдағы атышулы аттракцион сүрілетін болды. Жергілікті соттың шешіміне сәйкес, ол қауіпсіздік талаптарына еш сай келмейді екен. Қызығы, бұл нысанның жобасы да болмапты. Тіпті оны кім салғанын, қаражаттың кімге бөлінгенін ешкім білмейтін болып шықты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Даудың басы неден басталды өзі? Еске түсіріп көрейікші. Шешілмеген проблемасы жетерлік, мәселесі шаш етектен Рудный қаласында құны 334 млн теңгелік айналма аттракцион салынады дегенде үлкені түгіл, баласы да қуанбап еді. Бірақ халықтың пікірін сұраған біреу болды ма?

ДІНМҰХАМБЕТ ТІЛЕУОВ, ЖЕРГІЛІКТІ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«На инвистиционную привлекательность повлияет не прямо а косвенно. Но не в каждом городе есть аттракционы. Они в основном в крупных городах»

Ешкімде жоқ аттракционды көріп, қалаға инвесторлар тартылады деген әкімдіктің үміті 2 апта өтер-өтпестен су сепкендей басылған-ды.

Әу-бастан рудныйлықтардың ашуына тиген аттракционның мәселесіне соңғы нүкте қойылды. Жергілікті соттың шешіміне сәйкес, ол ешқандай талаптарға сай келмейтін болып шықты.

МАРИЯШ ЖАМАЛИЕВА, СУДЬЯ:
«Қытай Халық Республикасының өнімі болып саналатын айналма аттракцион елімізге заңсыз жеткізілген. Және ол ешқандай талаптарға сәйкес келмейді. Ал оның кабинкалары тиісті нормадан әлдеқайда жеңіл. Сондықтан оны эксплуатацияға жіберу қауіпті. Сол үшін сот айналма атракцион бүгін сүрілсін деген шешім шығарып отыр».

Қызығы, сот процессі жүрген уақытта бұл аттракционды салған жауапты адамдар табылмапты. Тіпті, жобасы да жоқ екен. Енді 334 млн теңгеге салынған бұл нысанға бөлінген қаражат кімнің қалтасына кеткені тағы сұрақ күйінде қалып отыр.

ОЛЕГ МАТВЕЕВ, ҚОРҒАУШЫ
«Біз жобаның авторы кім екенін сол күйі таппадық. Белгілісі, бұл аттракционның құрылысына қатысы бар адамдар қазір Қазақстанда емес, шетелде жүр. Бірақ, қылмыстық іс қозғалды. Жауапты адамдар тиісті жазасын алады».

Осылайша не инвестор жоқ, не аттракцион жоқ, не ақша да жоқ. Қысқасы, мемлекеттік бюджеттен бөлінген 334 миллион теңге желге ұшты. Ал рудныйлықтар, бұл қаражатқа қанша мәселені шешуге болатын еді деп кезінде оларды тыңдамаған әкімдікке реніштерін білдіріп отыр. Бірақ одан енді не пайда?

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM